00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Ешқандай заңбұзушылық тіркелмеді – байқаушы

01.04.2023 | 00:34
Сабина Кәкімжан
3

Сайлау учаскелеріне дауыс беруге келген азаматтардың көңіл-күйі керемет. Бұл туралы халықаралық байқаушылар айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Сайлау науқаны құқықтық жағынан жақсы өтіп жатыр. Заң бұзушылықтар тіркелмеді. Сайлау учаскелеріне келген азаматтардың көңіл-күй керемет. Жұмыстарыңыздың сәтті аяқталуын тілеймін, - деді Қырғызстанның Жогорку Кенеш депутаты Кундузбек Сулайманов.

Олар әуелі Астанадағы «Достық» үйіндегі сайлау  учаскесінен бастағанын айтты.

Бүгінгі күн – мереке. Сайлау жайлы жағымды пікірлерді естіп отырмыз. Байқаушы ретінде бірнеше сайлау учаскесіне бардық. Саяси науқанды бақылауды  «Достық» үйіндегі сайлау учаскесінен бастадық.  Мұнда келген сайлаушылар саны өте көп болды. Бастысы барлығы тыныш өтіп жатыр. Азаматтар сайлауда дауыс беру күрделі екенін біледі. Себебі Астанадағы әр сайлаушыға 4  бюллетень беріледі, - деді Қырғызстан СІМ жанындағы Дипломатиялық академияның Халықаралық қатынастар және құқық кафедрасы профессорының м.а. Ирина Оролбаева.

Халықаралық байқаушылар елдегі сайлау науқанының жұмысы жақсы ұйымдастырылғанын айтты.

Барлық жаңалықтар