00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

№375 сайлау учаскесіндегі «заңбұзушылыққа» қатысты комиссия төрағасы түсінік берді

01.04.2023 | 00:34
Елорда ақпарат
1

«Еркіндік қанаты» қоғамдық қоры №375 сайлау участкесінде болған заңбұзушылық туралы әлеуметтік желілерге жария еткен болатын. Elorda.info тілшісі осы жағдайға байланысты Астана қаласы Есіл ауданының №375 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Джасыбаевтан пікір білдіруін сұрады.

Бұл оқиға түсінбеушіліктен туындаған. Заң бойынша өзге қаладан келген сайлаушы тұрақты тіркелген жерінен  есептен шығу куәлігін көрсету арқылы дауыс бере алады. Біз ондай куәлігі бар адамға көк түсті бюллетень ұсынамыз. Сол себепті дұрыс түсінбей қалды деп есептеймін. Өйткені біз ҚР Мәжілісі депутаттығына партиялық тізім бойынша 1 ғана көк түсті бюлетень беруге құқылымыз. «Еркіндік қанаты» өкілінің жазбасы шындыққа сәйкес келмейді деп есептейміз, – деді №375 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Джасыбаев.

Айгүл Уайыс

Барлық жаңалықтар