00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Әділетті қоғамды қолдаушылар көп – Ғалым Қожабеков

01.04.2023 | 00:34
Елорда ақпарат
2

Жауынгер-интернационалист, журналист Ғалым Қожабеков азаматтық борышын өтеп, өз таңдауын жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Бір айға созылған сайлау науқаны мәресіне жақындап қалды.

Астанадағы №79 сайлау учаскесіне барып, өзімнің азаматтық борышымды өтедім. Төрт бюллетень болғасын таңдауымды асықпай жасауыма тура келді.

Одан кейін учаскелердің бірінде сенімді өкіл ретінде байқаушы болдым. Жалпы, сайлау жақсы өтіп жатыр деп айта аламын. Учаскелерде тыныштық орнаған, сайлаушылар тарапынан өрескел ештеңе байқамадым.

Әңгімелескен көпшіліктің көкейінде Президенттің әділетті қоғам құру жөніндегі бастамасы тұрғанын аңғардым.

Олай болса, бәріміз де еліміздің кемел келешегіне үмітпен қарап, сенім артайық! – деді Ғ. Қожабеков.

Барлық жаңалықтар