00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Маған Қазақстандағы сайлау ұнады – халықаралық байқаушы

01.04.2023 | 00:34
Сабина Кәкімжан
5

Қазақстандағы сайлау учаскелері өте қызықты орын екен. Бұл туралы брифингте халықаралық байқаушы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Біздің елде сайлау үнемі бейсенбі күні өтеді. Бұл жұмыс күні болғандықтан, кейде адамдар сайлауға баруға үлгермей жатады. Бір қызығы, сіздерде сайлау жексенбі күні өтеді. Бұл – демалыс күні. Адамдарға сайлауға қатысуға, сайлау учаскелеріне келуге уақыт бар, - деді Ұлыбритания Парламентінің мүшесі, Ұлыбритания Премьер-министрінің Моңғолиядағы сауда өкілі Даниэль Кавчински.

Халықаралық байқаушылар сайлау учаскелеріне азаматтардың бала-шағасымен келіп жатқанын айтты.

Тағы бір ерекше атап өтерлігі, сайлау учаскелерінде ән шырқалып тұрады. Бұл маған өте ұнады. Сайлау учаскелері өте қызықты орын екенін байқадым. Мәселен, бізде сайлау учаскелері – өте ресми. Оған кірген адам күлмейді. Керісінше олар тезірек кіріп, шаруасын бітіруге тырысады. Ал мұнда адамдар бір-бірімен сөйлесіп, дауыс беру бюллетеньдерін жәшікке салу сәтін суретке түсіреді. Сайлаушылар отбасымен, бала-шағасымен келіп жатыр, - деді Д.Кавчински.

Португалиядан келген байқаушы таңнан бері 10 сайлау учаскесінде болған.

Осы уақытқа дейін біз 10 сайлау учаскесінде болдық. Адамдар сайлау учаскелеріне келіп, өз дауыстарын беріп жатыр. Азаматтар көптеп келіп жатыр, - деді Португал Республикасы Парламентінің депутаты Педру Оливейра.

Барлық жаңалықтар