00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Депутаттар мемлекетте әділдік орнауына қызмет істейді деп үміттенемін – елордалық тұрғын

01.04.2023 | 00:34
Елорда ақпарат
1

Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы №79 және №80 сайлау учаскелері бір ғимаратта – Технологиялық колледжде орналасқан. №79 сайлау учаcкесінің төрағасы Елена Дедюхина учаскеге 14 байқаушы тіркелгенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Біздің сайлаушылар негізінен жер үйлерде тұратындықтан, асықпай келеді. Осы жолы да сондай үрдіс байқалады. Сағат кешкі 5-тен кейін көптеп келеді деп ойлаймын, – дейді сайлау учаскесінің төрағасы.

Осы орайда Гүлназ Дауылбаева есімді елордалық жаңа депутаттарға үміт артатынын жеткізді.  

Мен азаматтық борышымды өтеп шықтым. Асықпай таңдауымды жасадым. Жаңа депутаттар қоғамда, мемлекетте әділдік орнауына қызмет істейді деп үміт артамын, - дейді сайлаушы.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Барлық жаңалықтар