00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер де дауыс берді

01.04.2023 | 00:34
Елорда ақпарат
4

Әскерилер үшін Мәжіліс пен мәслихат сайлауында әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарында 21 сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, азаматтық қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша дауыс берді, деп хабарлады Elorda.info Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Заңға сәйкес әскери қалашықтар мен оқу орындарындағы учаскелерде әскерилер де өз таңдауын жасады.

Мен алғаш рет дауыс беріп отырмын. Әскерде жүріп, Отанға деген патриоттық сезімің нығайып, сайлау сияқты іс-шаралардың маңызын түсінеді екенсің. Біз заң шығаратын, барша қазақстандықтардың мүддесін қорғайтын азаматтарды таңдаймыз. Парламентке келгендер сайлаушылардың сенімін ақтайды деген үмітім бар, – деді Десанттық-шабуылдау әскерлері байланыс полкінің әскери қызметшісі мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Дастан Манабаев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарында ұйымдастырылған барлық учаскелерде дауыс беру аяқталғанын айта кету керек.

 

Барлық жаңалықтар