00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Асхат Маемиров дауыс беруге жұбайымен бірге келді

01.04.2023 | 00:33
Елорда ақпарат
4

Сайлауға қатысып, дауыс беру – әрбір азаматтың міндеті. Өйткені саяси науқанда әр адамның дауысы өте маңызды. Осы түйінді жете түсінген елорда тұрғындары өздеріне қарасты дауыс беру орындарына барып, өз таңдауларын жасап жатыр. Солардың қатарында Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров та бар, деп хабарлады Elorda.info.  

Ол Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ғимаратында орналасқан №372 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Асхат Маемиров дауыс беруге жұбайымен бірге келді.

Еліміздің әрбір азаматы бұл саяси шараға қатысып, өз дауысын беруді мәртебелі іс деп санауы керек. Өйткені ол сайлауға қатысып, дауысын беру арқылы ел келешегі мен жарқын болашағын айқындайды. Өзім бұған дейін болған бірде-бір сайлаудан қалыс қалмадым. Дауыс беру – әрбір азаматтың негізгі парызы, – деді Асхат Маемиров.

Барлық жаңалықтар