00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Сайлау комиссияларының төрағалары сауалдарыма мүдірмей жауап берді – халықаралық байқаушы

01.04.2023 | 00:33
Сабина Кәкімжан
1

Сайлау учаскелерінің төрағалары халықаралық байқаушылар қойған барлық сауалға мүдірмей жауап беріп жатыр. Бұл туралы бүгін елордада өткен брифингте Румыниядан келген байқаушы Борис Волосатый айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Мен бірнеше сайлау учаскесінде болдым. Сайлауға дайындық жан-жақты жүргізілгенін байқадым. Сайлау комиссияларының төрағалары қойған түрлі сұраққа мүдірмей жауап берді. Қазақстан бүгін демократияға бір қадам жасады. Қазақстан халқын бастапқы жеңісімен құттықтаймын, - деді Румыния Парламентінің депутаты, Қазақстан-Румыния парламентаралық достық тобының мүшесі Б. Волосатый.

Ал Мажарстан Мемлекеттік жиналысының депутаты Шандор Ковач сайлау науқаны жақсы ұйымдастырылғанын жеткізді.

Біріншіден, Қазақстан Үкіметіне, әсіресе, Қазақстандағы Словакия елшілігіне сайлауға шақырғанына алғыс айтамын. Сайлау бойынша айтатын болсам, азаматтардың, яғни сайлаушылар тарапынан саяси науқанға қызығушылық барын байқадық, - деді Словакия Республикасы Халық Радасының депутаты, Еуропалық істер комитеті төрағасының орынбасары Петер Кмец.

Барлық жаңалықтар