00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Сайлау басталғалы заң бұзушылықтар туралы 25 шағым түсті

01.04.2023 | 00:33
Елорда ақпарат
1

Бұл туралы «Сайлау-2023» онлайн-марафоны барысында ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Азамат Сарғазин айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Дауыс беру рәсімі басталғалы бері прокуратура органдарына ықтимал заң бұзушылықтар туралы 25 өтініш келіп түсті, оның бесеуі Бас прокуратураға жолданған. Олар тексеру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті прокурорларға жолданды. Шағымдарда орын алуы ықтимал заң бұзушылықтар, нақтырақ айтсақ, тыйым салынған кезде сайлау алдындағы үгіт жүргізу туралы жазылған. Сондай-ақ азаматтар бүгін келесі аумақтық прокуратураларға тікелей жүгініп отыр. Атап айтқанда, Астана қаласында - 4, Алматыда - 1, Шымкентте - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 5, Түркістан облысында - 4, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бірден. Олардың барлығы қаралып жатыр, - деді А.Сарғазин.

Оның айтуынша, шағымдар тыйым салынған кезде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге қатысты.

Барлық жаңалықтар