00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елорда тұрғыны ұшақтан түскен бойда дауыс берді

01.04.2023 | 00:33
Елорда ақпарат
1

Байқоңыр ауданына қарасты «Өндіріс» тұрғын алабының тұрғыны Сергей Немеровчинко бүгін ұшақтан түскен бойда сайлауда дауыс беруге барған. Себебі алпыстан асқан сайлаушы әдеттегідей мұндай маңызды науқаннан қалыс қалмауды жөн көрді, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған алаптың байырғы тұрғыны Сергей Немеровчинко №49 орта мектепте орналасқан №103 сайлау учаскесінде тіркелген.

Іссапардан келген бетім осы. «Өндіріс» тұрғын алабындағы халықтың жағдайы жақсарсын деп өзім таңдаған депутатқа дауыс бердім. Сайлау учаскесіндегі ұйымдастыру жұмыстары өте жоғары деңгейде. Мектеп ауласына кірген бетте алыстан әдемі патриоттық және халық әндері ойнап тұр. Біз Президент айтқан «Жаңа Қазақстанды» осындай саяси науқанға қатысып, өз даусымызды беру арқылы да жасауға атсалысамыз, сондықтан барша алап тұрғындарын белсенді болуға шақырамын, - дейді сайлаушы. 

Сайлау учаскесінің төрағасы Арай Мұхамеджанова сайлаушылар мерекелік көңіл-күймен келіп, дауыс беріп жатқанын айтады. Жалпы мұнда барлығы 2 258 сайлаушы тіркелген.

Аталған мектепте №101, 102, 103 сайлау учаскесі бар. Сайлау учаскесінде патриоттық әндер қойылып, дауыс беруші халық бұл науқанның маңызын жақсы сезінуде. Себебі бұл тарихи, ерекше маңызды күн. Әсіресе, таңертеңгі сағат 10.00-ден бастап халықтың келуі жиіледі. Ең алғаш болып ерлі-зайыпты бір отбасы келіп, сыйлыққа ие болды. Халықтың бұл жолғы сайлауға сеніммен келгені, ерекше ықыласы қатты байқалады. Дауыс берген кезде бұл сайлаудан көп үміт күтетінін айтып жатыр. Осымен бесінші жыл сайлау комиссиясы құрамындамын. Сондықтан сайлауда комиссия жұмысын атқаруда тәжірибем мол. Өзім осы сайлау учаскесі орналасқан мектеп директорымын, - дейді А.Мұхамеджанова.

Барлық жаңалықтар