00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Ұлттық ұланның барлық жеке құрамы өз таңдауын жасады

01.04.2023 | 00:33
Елорда ақпарат
1

Бүгін таңғы сағат 6:00-де 5573 әскери бөліміндегі №226 дауыс беру учаскесіне алғашқылардың бірі болып Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Қайрат Үмбетов барып дауыс берді, деп хабарлады Elorda.info Azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Барлық уақытта құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері жоғары азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рухты көрсетеді. Ұлттық ұлан еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығына жауап береді. Бүгін әрбір әскери қызметші белсенді қатысып, дауыс берді,- деді полковник Қайрат Үмбетов.

Сайлауға тек әскери қызметшілердің өздері ғана емес, олардың отбасы мүшелері де белсенді қатысты.

Әскери бөлімдердің мерзімді қызметінің әскери қызметшілері мен Ұлттық ұлан академиясының курсанттары әскери қалашықтар аумағындағы 36 сайлау учаскесінде дауыс берді. Әскери қызметшілердің арасында алғаш рет дауыс беруге қатысқандар көп болды. 

Біз дауыс беруді қорытындыладық. Ұлттық ұланның барлық сайлау учаскесінде жеке құрамдар еліміздің болашағы үшін дауыс берді. Бақылаушылардың есептеуінше, ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ, - деп қорытындылады генерал-майор Еркін Ботақанов.

Барлық жаңалықтар