00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада әкелі-балалы спортшылар сайлауға бүркітпен келді

01.04.2023 | 00:33
Елорда ақпарат
1

Астана қаласының бүркітшілік спорт түрінен команда спортшысы, әрі көптеген жарыстардың жеңімпазы Күнтуған Диас өзінің әкесімен сайлау учаскесіне келіп таңдау жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Олар елордадағы Қазақ технология және бизнес университетінің ғимаратында орналасқан №381 сайлау учаскесінде дауыс берді. Әкелі-балалы спортшылар сайлауға бүркітпен келіп, елден ерекшеленді. 

Спортшының әкесі әрі жаттықтырушысы Күнтуған Базарбектің айтуынша, шәкірт тәрбиелеу тек спорт жолында емес, осындай айтулы оқиғаларды насихаттап, елін сүйген, жерін сүйген азамат етіп тәрбиелеуден басталады. 

Бүгінгідей ел тарихындағы маңызды оқиғаға ерекше стильмен келуді жөн көрдік. Қазақ елінің болашағы айқындалар айтулы күнде әркім өз таңдауын жасауы тиіс. Біз де отбасымызбен дауыс беруге келіп қалдық, - дейді спортшы.

Барлық жаңалықтар