00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Дауыс беру мерекелік атмосферада өтіп жатыр – халықаралық байқаушы

01.04.2023 | 00:33
Сабина Кәкімжан
1

Еліміздің сайлау учаскелерінде дауыс беру мерекелік атмосферада өтіп жатыр. Бұл туралы Италиядан келген халықаралық байқаушы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Таңнан бері №329, 365 және 472 секілді 3 сайлау учаскесінде болып үлгердім. Ешқандай заң бұзушылық тіркелмеді. Барлығы тыныш өтіп жатыр. Азаматтар өте белсенділік танытып жатыр.  Сайлаушылардың легі өте көп. Барлығы дауыс беруге асық. Дауыс беру мерекелік атмосферада өтіп жатыр. Сайлау учаскелерінде волонтерлер азаматтарға сусындар ұсынуда, - деді Жерорта теңізі Еуразиялық зерттеулер қауымдастығы директорының орынбасары  Стефано Верноле.

Байқаушылар дауыс берген азаматтардың көбісі «сельфи» жасап жатқанын айтты.

Сайлау учаскелерінде бір жағдайды байқадым. Дауыс берген азаматтар «сельфи» түсіп жатыр. Мұндай дәстүрді басқа мемлекеттерден көрмедім, - деді Халықаралық саясат және экономика институтының Еуразиялық зерттеулер орталығының басшысы Душан Пророкович.

Сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс берген азаматтарға сыйлықтар беріліп жатыр.

Ауа райының суық болғанына қарамастан, Астанадағы 10 сайлау учаскесінде болдым. Барлық сайлау учаскелерінде сайлаушылар көптеп келіп жатыр. Олар елдің саяси науқанына белсенділік танытуда. Бұл – жақсы көрініс. Әсіресе жастар сайлауға белсенді түрде қатысып жатыр. Бұл өте қуантарлық жайт, - деді «Marmara Group» қорының басшысы доктор Мехмет Аккан Сувер.

Барлық жаңалықтар