00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Алматы ауданындағы сайлау науқанын 20 халықаралық байқаушы бақылады

01.04.2023 | 00:32
Сабина Кәкімжан
1

Алматы ауданындағы сайлау науқанын 20 халықаралық байқаушы бақылады. Бұл туралы бүгін брифинг барысында Халықаралық Түркі академиясының аға сарапшысы Тимур Козырев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Астананың Алматы ауданындағы сайлау науқанын бақылауға 20 шақты адам шықтық. Түстен кейін Сарыарқа ауданына барамыз. Қазіргі уақытта ешқандай тәртіп бұзушылық болған жоқ. Әсіресе азаматтар сағат 10-нан бастап көптеп келе бастады. Жастардың қатары көп екенін байқадық. Сайлау науқанына үлкен жауапкершілік сезіммен қатысып жатыр.  Бұл елдің болашағы үшін өте маңызды оқиға, - деді Халықаралық Түркі академиясының аға сарапшысы Тимур Козырев.

Халықаралық байқаушылар сайлау науқаны заң шеңберінде өтіп жатқанын айтты.

Таңертеңнен бері біз 10 сайлау учаскесінде болдық. Сайлау учаскелерінде ешқандай заң бұзушылықты байқамадық. Дауыс беруге азаматтар көбірек келіп жатыр. Осы үрдіс кешке дейін жалғасады деп үміттенеміз. Сайлау учаскелеріндегі азаматтар заң шеңберінде жұмыстарын жүргізуде. Олар сайлаудың өту ережелерін жақсы біледі. Біздің ойымызша, барлығы дұрыс өтіп жатыр, - деді  Түркі академиясының вице-президенті Эрхан Тюрбедар.

Сондай-ақ олар дауыс беруге келіп жатқан азаматтардың қарасы көп дейді. Сайлаушылардың белсенділік танытып жатқаны қуантатынын айтты.

Қазақстандағы демократия деңгейі дамып жатыр. Таңнан бері бірнеше сайлау учаскесінде болдық. Біздің байқағанымыз, белсенділік өте жоғары деңгейде. Сайлау учаскелеріне азаматтар отбасыларымен келіп жатыр. Мұнда жақсы көңіл-күй байқалады. Қазіргі кезде Қазақстанда демократия дамып жатыр. Саяси науқан өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қазақстан халқына гүлдену мен ары қарай дамуды тілеймін, - деді АӨСШК Хатшылығы Атқарушы директорының орынбасары Фан Чи.

Ал кейбір халықаралық бақылаушылар осымен екінші рет елдегі сайлау науқанына қатысып жатқанын жеткізді.

Бұл менің екінші халықаралық байқаушы ретінде тәжірибем. Осы сайлау жалпы сайлау заңнамасының ережелеріне сәйкес және халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Демократиялық тұрғыдан сайлау өткізіліп жатыр, - деді АӨСШК хатшылығының экологиялық өлшемі жөніндегі сарапшысы Угур Туран.

Барлық жаңалықтар