00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Айтбек Кәрібжанов: Халықтың сайлау мәдениеті өскен

01.04.2023 | 00:32
Елорда ақпарат
1

Астанадағы №147 сайлау учаскесінің төрағасы Айтбек Кәрібжанов халықтың бұрынғы сайлаулармен салыстырғанда саяси сауаты өскенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Еліміздегі сайлау процесіне тікелей қатысып, өзіме жүктелген міндеттерді адал атқарып келе жатқаныма 25 жыл болды. Осы уақыт аралығында халықтың сайлау мәдениетінің өскеніне куә болдым. Бұрынғы сайлаулармен салыстырсақ, халықтың саяси сауаты өсті. Мәдениеті қалыптасты. Мысалы, жұрт сайлау учаскесіне келіп, құжаттарын көрсетіп, тізімнен өздерін тез тауып алып жатыр. Тізімдегі ақпарат та тиянақты. Ешқандай абыр-сабыр, түсінбеушілік деген жоқ. Бұл – сайлауға, саясатқа деген халықтың ашық көзбен, дұрыс көңілмен қарауы деп түсінемін, – дейді Сарыарқа ауданындағы №147 сайлау учаскесінің төрағасы Айтбек Кәрібжанов. 

Оның айтуынша, учаскеде 2 953 сайлаушы тіркелген.

«Сайлау әділ өте ме?» деген сауалымызға төраға:

Әрине, әділ өтуі тиіс. Еліміздің жаңаруын, дамуын қалайтын азамат ретінде бұған өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын боларына бәріміз сенеміз! Сенім, бірлік, үміт бар жерде елдің болашағы бар. Барлық азаматтарды өз таңдауын жасарда белсенді болуға шақырамын деп жауап берді. 

Төлен ТІЛЕУБАЙ

Барлық жаңалықтар