00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Байқоңыр ауданындағы тұрғын алаптарда сайлаушылар белсенділігі жоғары

01.04.2023 | 00:32
Елорда ақпарат
1

Елордадағы 16 тұрғын алаптың үшеуі Байқоңыр ауданында орналасқан. Соның бірі "Казгородок" алабындағы №55 мектепте ашылған №95 сайлау учаскесінде де сайлау науқанын белсенді өткізуге барлық жағдай жасалған. Азаматтардың бюллетень толтыруы үшін 5 кабина қойылған болса, оның біреуі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған, деп хабарлады Elorda.info

Тізімде 2 071 сайлаушымыз бар. Таңнан бері көптеген сайлаушы келді. Ең бірінші келген әйел адамға сыйлығын бердік. Комиссия құрамында 11 адам бар, 14 байқаушы дауыс беру барысын қадағалап отыр. 18 жастағылар, қариялар, туған күн иелері және мүгедектерге электронды техникалардан құралған сыйлықтар беріп жатырмыз. Сонымен қатар бірқатар сайлаушының денсаулығына байланысты үйлеріне барамыз, сондықтан олар да сайлауға қатысудан тыс қалмайды. Өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін, бұған дейін де сайлау комиссияларында жұмыс істеген тәжірибем бар. Әдетте түске дейін сайлаушылар аз келеді, көбі түскі шай-тамағын ішіп болып келе бастайды, – дейді сайлау комиссиясының төрағасы Дидар Әлімқызы.

Осы сәт сайлауға келген мүмкіндігі шектеулі алап тұрғынына ол смарт сағат сыйлады. 

Тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелмеген азаматтарды сайлау комиссиясы мектеп жанындағы Халыққа қызмет ету орталығына жібереді. Сонда оларды 15 минутта тек бір күнге аталған мектепке тіркейді де, сайлаушы дауыс беруге мүмкіндік алады. Аталған учаскеде 63-87 жас аралығында 187 егде және 18 жастағы  7 адам бар. 

Осы аудандағы "Кирпичный" тұрғын алабында орналасқан "Шипагер" медициналық колледжінде №96 сайлау учаскесі бар. Сайлау учаскесінің төрағасы Оразалы Шаханов мұнда 2 419 сайлаушы тіркелгенін айтты. 

Райхан РАХМЕТОВА

Барлық жаңалықтар