00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Әрбір қазақтың әділетті қоғамда бақытты ғұмыр кешуін қалаймын – Серікзат Дүйсенғазы

01.04.2023 | 00:32
Елорда ақпарат
1

Белгілі айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында өз таңдауын жасағанын мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info

Ол әрбір қазақ әділетті қоғамда бақытты ғұмыр кешкенін қалайтынын айтты.  

Бабамның қаны тамған, анамның жасы сіңген қасиетті де қастерлі Қазақстанымның әлемнің өркениетті елдерімен иық тірестіретін, демократия салтанат құрған елге айналуына мүдделімін. Өйткені, осы мемлекетте менің ата-анам, туған-туысым, отбасым тұрып жатыр. Әрбір қазақтың әділетті қоғамда бақытты ғұмыр кешуін қалаймын. Ұрпағым әділ заң үстемдік ететін елде өмір сүргенін көргім келеді. Сондықтан Астанадағы №1 сайлау участкесіне барып өз таңдауымды жасадым. Мәжіліске де, мәслихатқа да мемлекетшіл тұлғалардың өткенін тілеймін. Еліміз жемқорлықтан таза, береке-бірлігі жарасқан мемлекетке айналуын жаратушы Алла Тағалам нәсіп етсе екен! Әмин! – деп жазды ол facebook-парақшасында. 

Барлық жаңалықтар