00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Еңбек ардагері: Ең белсенді сайлауға қатысушылар – қарттар

Астанадағы Сарыарқа ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімінің жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Кенжеболат Бәпішев №196 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл сайлаудың бір ерекшелігі бар. Заңға сәйкес осы сайлауда партиядан басқа өз өздерін ұсынған азаматтар мен азаматшалар бар. Олардың арасында үлкен буын мен жастар да кездесіп жатыр. Мен Белсенді өмір сүру орталығын басқарушы ретінде Мәжіліс пен мәслихатта болсын үлкендердің болуы орынды деп ойлаймын. Баяғы кеңес үкіметінен бері келе жатқан ең белсенді сайлауға қатысушылар – қарттар. Олардың сана-сезімі, өмірлік тәжірибелері жеткілікті. Сол себепті үлкен буын белсенді деп айта аламын, - деді К.Бәпішев. 

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жетекшісі өз сөзінде «бәріне қарсымын» жауабы сайлауға келмейтін халық үшін жаңашылдық екенін атап өтті. 

Көбі сайлауға келмесем,«мен қарсымын» деп ойлайды. Ол дұрыс емес. Сайлауға келу керек. Ол әр адамның азаматтық борышы. Егер де сайлаушы ретінде үміткерлерге көзқарасы сәйкес келмесе, «бәріне қарсымын»  деген жауапты таңдауға болады. Бұл да сайлау жүйесіне жаңашылдық әкеледі. Бұрын қарсы пікірдегі адамдардан бюллетень қағазын сызып, бүлдіріп тастайтын еді.  Енді қарсы азаматтар да сайлауға келіп, азаматтық борышы орындай алады, - деді ол. 

Айта кетейік, №196 сайлау учаскесінде 2 983 сайлаушы бар, оның 24-і – 18 жаста, 5 адамнан үйден дауыс беруге өтініш түскен.

Барлық жаңалықтар