00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«Елеулі өзгерістердің басында тұрмыз»: Азат Перуашев сайлауда дауыс берді

01.04.2023 | 00:32
Елорда ақпарат
2

"ҚазМұнайГаз" АҚ ғимаратында орналасқан №122 сайлау учаскесінде 2 266 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскесінің төрағасы Мұрат Бекеевтің айтуынша, үш мүмкіндігі шектеулі жан сайлау учаскесіне өздері келіп, дауыс беретіндігін хабарлаған. Халықаралық байқаушылар ЕҚЫҰ-дан, ТМД-дан, сондай-ақ республикалық қоғамдық кеңестерден байқаушылар келді, деп хабарлады Elorda.info.

Осы учаскеде “Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев дауыс берді.

Сайлау науқаны өте қызықты және қарқынды өтіп жатыр. Егер берілген қарқын сақталса, қоғам мен мемлекет арасындағы диалог болашақта да ашық болады, демек, біз өмірімізді жақсартатын, ең бастысы, шыншылдыққа айналдыратын үлкен, елеулі өзгерістердің басында тұрмыз, - деді Азат Перуашев.

Гүлшат САПАРОВА

Барлық жаңалықтар