00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

№337 сайлау учаскесінде ең алғаш болып 20 жастағы бойжеткен дауыс берді

01.04.2023 | 00:31
Елорда ақпарат
1

Астана қаласы Байқоңыр ауданындағы №337 сайлау учаскесіне таңнан бері екі сағат ішінде көптеген адам келіп, дауыс берді. Учаскеде қазақша көңілді әуен ойнап, тұрғындар кезекпен келіп, азаматтық міндетін орындап жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Аталған учаскедегі сайлау комиссиясының төрағасы Арай Исмаилованың айтуынша, мұндағы барлық сайлаушылар саны – 2 847 адам. 

Учаскедегі дауыс беру бәрімен бірдей тура сағат 7-де басталды. Сайлаушылардың көңіл-күйі тамаша. Ең алғаш болып 20 жастағы азамат келіп дауыс беріп, сыйлығын алды. Комиссия құрамында 11 адам бар. Сайлаудың өту барысын 13 байқаушы бақылап отыр. Күні бойы осы қарқынмен сайлауды өткізіп, еліміздің тарихындағы маңызды оқиғаны ойдағыдай аяқтаймыз деп сенеміз, – дейді комиссия төрағасы. 

Таңнан келіп, алғашқы екі сағатта дауыс берген жастардың бірі – елорда тұрғыны Жібек Сайынбек сайлаудан жастар оң өзгерістер күтетінін айтты.   

Өз қалауыммен, Қазақстан азаматы ретінде бұл науқанның қаншалықты маңызды екенін түсініп, келіп тұрмын. Таңдаған үміткеріме сенемін. Жалпы сайлау нәтижесінде жастардың білімі мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ететін оңды істер атқарылса жөн болар еді, – дейді ол.

Райхан РАХМЕТОВА

Барлық жаңалықтар