00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Сайлау науқанын қалт жібермеймін – елордалық зейнеткер

Елімізде өтіп жатқан саяси іс-шараға астаналықтар белсенді атсалысып жатыр. Бұл қатарда зейнеткерлер де бар, деп хабарлады Elorda.info

65 жастағы елорда тұрғыны Балтабек Қасымғалиев №197 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді. 

Бүгін таңертең ерте тұрып Жаңа Қазақстан үшін дауыс беруге келдім. Әрқашан сайлау науқандарын қалт жібермеймін. Таңертең ерте келгендіктен алғашқылардың бірі боламын. Мен ойлаймын үйде «сайлауға бармаймын» деп отырғанша, одан да сайлауға қатысу керек. Мемлекет басқарудағы жаңа бастамалар осы сайлау нәтижесінде болады. Соны халық түсінсе деймін, - деді зейнеткер. 

№197 сайлау учаскесінің төрағасы Марзия Есеркепованың айтуынша, учаскеде 2 999 сайлаушы бар. 

Бізге тіркелген 2 999 сайлаушы бар. Оның 73-і – 18 жаста, әзірге үйден дауыс беруге өтініш түскен жоқ. 12 байқаушы дауыс беру процесін бақылап отыр, - деді комиссия төрағасы.

Барлық жаңалықтар