00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қауіпті жұмыс істейтіндерді 55 жастан зейнетке шығару керек – ҚХП

01.04.2023 | 00:09
Елорда ақпарат
3

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Балжан Досмұхамбетова «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Партия өкілі еңбек ұжымына Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Жаңа Қазақстанға жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқығын қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет, – деді Балжан Досмұхамбетова.

Сөз арасында ол денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті мәселелерді де тілге тиек етті.

Медицина саласында білікті маман тапшы. Халық Дамумедке тіркелу мен дәрігердің қабылдауына жазылуда кедергі көп екенін айтады. Ал МӘМС жобасы үмітті мүлде ақтамады, – деді ол.

Сондай-ақ спикер Халық партиясы барлық жастардың тегін кәсіптік және жоғары білім алуын жақтайтынын тілге тиек етті. Сонымен қатар ол ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыста істейтін қызметкерлерді 50-55 жастан зейнетке шығару маңызды екенін жеткізді.

Бұл мәселенің шешімі бірнеше қиындықтың алдын алады. Атап айтқанда, кәсіби және басқа аурулардың, сондай-ақ өндірістік жарақаттардың пайда болу қаупін азайтады, – деді партия өкілі.

Барлық жаңалықтар