00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Сербиялық сарапшылар елдегі сайлауға дайындық барысымен танысты

01.04.2023 | 00:03
Елорда ақпарат
5

Қазақстанның Сербиядағы елшілігінде ҚР Парламенті Мәжілісіне және мәслихаттарға алдағы кезектен тыс сайлауы туралы Сербияның сарапшылар қауымдастығына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара барысында Қазақстан елшісі Мәди Атамқұлов қатысушыларды алдағы сайлауға дайындық барысы туралы хабардар етіп, ҚР Парламентінің төменгі палатасы депутаттығына жеті саяси партиядан атсалысатын кандидаттардың партиялық тізімдерін, тіркеу қорытындыларымен таныстырды.

М. Атамқұлов сөз сөйлеуінде Қазақстан өз дамуының жаңа дәуіріне қадам басқандығына, сонымен бірге елімізде жаңарудың серпінді және жан-жақты үдерісі жүріп жатқандығына назар аударды.

Қазақстандық дипломат «бұл сайлау қоғамда болып жатқан өзгерістердің жарқын бейнесіне айналып, біздің саяси жүйемізді одан әрі жаңғыртуға қуатты серпін беретіндігін» ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау мемлекеттік институттарды қайта жүктеудің соңғы кезеңі екендігін және осылайша «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы нақты мазмұнмен толтырылатындығы туралы сөзіне тиек етті.

Іс-шараға Сербияның сыртқы саяси институттарының сарапшылары мен жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Барлық жаңалықтар