00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Amanat партиясы кәсіпкерлікке қолдау көрсетеді

31.03.2023 | 23:50
Елорда ақпарат
1

Amanat партиясы Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Павел Казанцев, Мұрат Теміржанов және Солтүстік Қазақстан облыстық штаб өкілдері Ерлан Алпысов, Фариза Мұқанова, Гюлага Илдырымов, Тимур Бекеев, Сәуле Сүлейменова және Александр Касьяненко Новоишимское ауылында Ғабит Мүсірепов ауданының ардагерлерімен, еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу барысында Павел Казанцев пен Мұрат Теміржанов ақсақалдарды сайлауға қолдауға шақырды.

Сондай-ақ, сапар барысында аманаттықтар «Kazmeal» ЖШС ұжымымен жүздесті. Штаб мүшелері фермада жем-шөп дайындау барысымен танысты.

Экономика қиындап, баға шарықтап тұрған уақытта екі ауысымда жұмыс істеп жатырсыздар. Қытайға өнім жеткізесіздер. Ол оңай шаруа емес. Бұған зор жауапкершілік керек. Елдегі өндірушілердің көбісі Қытай нарығына шыға алмайды. Бұл ретте, партияның сайлауалды бағдарламасында бизнесті дамытуға жағдай жасау көзделгенін атап өтті, - деді П.Казанцев.

Партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Тимур Бекеев Amanat-тың сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарға тоқталып, мәселелерді шешу әдісі өте тиімді екенін жеткізді.

Штаб мүшелері осы күнгі соңғы кездесуді Червонное ауылында «ӘДІЛ» басқарушы компаниясы» ЖШС ұжымымен өткізді. Үміткерлер сайлаушылардың ұсыныс-тілегіне мән беріп, алдағы науқанға белсенді қатысуға шақырды.

Барлық жаңалықтар