00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астаналық ардагерлерге Amanat партиясының жұмысы таныстырылды

31.03.2023 | 23:43
Елорда ақпарат
2

Amanat партиясының Астана қалалық филиалында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында кездесу өтті. Жиын аясында Мәжіліс депутаттығына үміткер, Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов ардагерлермен жүздесті, деп хабарлады Elorda.info.

Зейнеткерлер лайықты зейнетақы алуға, жақсы тамақтануға, сапалы және қолжетімді ем алуға, белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндігі болуға тиіс. Әр азамат мемлекет қамқорлығын сезінуі қажет. Көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік және партиялық қолдау шаралары кеңейтілетін болады. Біз мұқтаж азаматтарға лайықты қамқорлық көрсетеміз, - деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Ардагерлер сайлауалды бағдарламасының өздеріне қатысты тұстарын пысықтап, өзекті мәселелерді көтерді. Оның ішінде зейнетақы, медицина, руханият секілді тақырыптарға қатысты сұрақтар қойып, үміткердің жауаптарын алды. Ұсыныстары мен талап-тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасында театр, кітапхана, коммуникация, білім беру және демалыс орталықтарын қоса алғанда, 300-ге жуық мәдениет нысанын салу және жаңғырту жоспарланған. Мәдениет, мұрағат пен кітапхана қызметкерлерінің жалақысы екі есеге артпақ. «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тәрбие беру тұжырымдамасы енгізіледі. Еліміздің бүкіл әдеби мұрасы бірыңғай кітапхана платформасы негізінде цифрлық форматқа өткізіледі.

Астана қаласы Мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған Amanat партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді

Барлық жаңалықтар