00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«Байтақ» партиясының белсенділері елорда тұрғындарымен кездесті

31.03.2023 | 23:42
Елорда ақпарат
1

«Байтақ» партиясының белсенділері елордадағы №2 сайлау округінде қала тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info

Тұрғындар кездесуде Арқаның алты ай қысында аулалардағы қалың қардың уақтылы күрелмейтінін, көктайғақ салдарынан көлік қатынасы қиындап, жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына қауіп төндіретініне қынжылыс білдірді. Сонымен қатар күн жылына бастаса болды, еріген қар суынан көшелер көлкіп, аулалар мен балалар алаңқайында аяқ алып жүру мүмкін еместігін ашынып айтты.

Қытымыр қыстың аязды күндерінде пәтерлердегі жылу деңгейі едәуір төмендеп, кейбір көпқабатты үйлердің тұрғындары бүрсең қағып шығады. Бұл аздай, ыстық су да тұрақты берілмей, алаңдаушылық туғызады.

2-округтегі тұрғындардың осындай талап-тілегімен танысқан «Байтақ» партиясының белсенділері түйіні тарқамаған түйткілдерді ұдайы назарда ұстап, талайдан бері шешімін таппаған шетін мәселелерді жергілікті атқарушы биліктің алдына көлденең тартатынын жеткізді.

Барлық жаңалықтар