00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Respublica партиясының өкілдері тараздық тұрғындармен кездесті

31.03.2023 | 23:23
Елорда ақпарат
1

Respublica партиясының өкілдері сайлауалды турында 3000 шақырымнан астам жол жүріп өтті. Партия төрағалары мен кандидаттары Тараз қаласына ат басын тіреді, деп хабарлады Elorda.info.

Онда жергілікті кәсіпкерлермен, түрлі саладағы компаниялардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өтеді.

Ең алдымен көне шаһардағы кез келген тұрғын қатыса алатын, ой-пікірін, ұсынысын жеткізе алатын кездесу болды. «Баласағұн» сарайына партия мүшелерін тыңдауға 1000-нан астам тараздық тұрғын жиналды.

Көпшіліктің алдында партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, тең төраға Сырымбек Тау, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Қуаныш Шонбай, Қырмызы Жандосова, Екатерина Смолякова, Әсел Дәкен, Олжас Болатбекұлы және Бақытбек Хамит сөз сөйледі. Олар партия бағдарламасымен таныстырып, «Елде нені өзгерту қажет?» деген сауалды талқылады.

Шараны партия басшысы Айдарбек Қожаназаров ашып, жүргізіп отырды.

Партияның тең төрағасы Сырымбек Тау Қазақстанда ауқымды реформалар жүргізілу керектігін айтты. Ең алдымен, қарызға белшесінен батқан қазақстандықтардың жағдайын жақсартуға баса назар аударылу керек. Ол ел тұрғындарының, тіпті азық-түлік алу үшін де несие алатынына қынжылды.

Кездесу соңында спикерлер аудиторияның сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Барлық жаңалықтар