00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Сайлау: Мажоритарлық жүйе деген не? – Сарапшы түсіндіріп берді

31.03.2023 | 23:15
ҒаниАтымтай
9

Алдағы 19 наурызда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетіні белгілі. Бұл жолғы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы жаңа форматта өтеді. Депутаттыққа кандидаттар сайлау жүйесінің тағы бір түрі – мажоритарлық жүйе бойынша таңдалады, деп хабарлады Elorda.info.  

Осы орайда Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының аға сарапшысы Қуаныш Сайлау мажоритарлық жүйе туралы түсіндіріп берді.  

Мажоритарлық жүйе дегеніміз не дегенде... Мынадай сценарийді елестетейікші. Дауыс бере алатын халық саны 10 млн адам бар мемлекетте 100 депутаты бар Парламент қызмет атқарады. 10 млн адам 100 депутатты қалай сайлайды? Бір шешім ретінде 10 млн халықты 100 округке бөлейік. Сонда бір округтен 100 мың адам Парламентке бір депутаттан сайлайды. Бұл – мажоритарлық жүйе. Осы жүйе бойынша округте ең көп дауысқа ие болған кандидат Парламентке өтеді. Демек ең көп дауыс, яғни majority, жүйенің атауы осыдан шыққан. 

Қарапайым тілмен айтқанда, мажоритарлық жолмен өзі сайлауға түсіп отырған аймақтың барлық проблемасын білетін және жергілікті халық таңдаған адам сайланады. Бұл жүйе бойынша ауылдағы, аймақтағы халық өзін кандидат қылып ұсынуға мүмкіндік бар. Әрі үміткерге қоғамдық ұйым мен партияға мүше болу міндеттелмейді.  

Ал пропорциялық жүйеде округке бөлінбейді. Елдің бәрі бір үлкен округ, мәселен, 10 млн адамның бәрі 100 депутатты бірге сайлайды, - деді ол.

Сондай-ақ сарапшы екі жүйенің бір-бірінен айырмашылығына да тоқталып өтті.

Егер жалпылама түрде ең маңызды айырмашылығын анықтар болсақ: мажоритарлық жүйеде 10 млн сайлаушыны 100 округке бөлесіз. Өйткені бізде 100 депутат, әр округтен бір депутат сайланады. Ал пропорциялық жүйеде жаңа айтып өткенімдей, халық бір үлкен округте 10 млн адам десек, 100 депутатты бірігіп таңдайды, - деген Қуаныш Сайлау мажоритарлық жүйенің кемшілігі бар екенін де айтты. 

Спикердің айтуынша, ол – кейбір жағдайда дауыс аз алған партиялар Парламентте көп орын алуы мүмкін. Мысалы, «Демократиялық партия» мемлекет бойынша 30% дауыс алды. Бірақ 30 емес, 46 депутатты Парламентке орналастырды.

Сайлаушылардың дауыс үлесі Парламентте партиялардың иеленген орын үлесіне сәйкес болуы үшін 100 округтың орнына бүкіл мемлекет 1 үлкен округ ретінде елестетуге болады. Бұл – пропорциялық жүйеге тән. Осы жүйе бойынша азаматтар бір кандидат үшін емес, партия ұсынған кандидаттар тізімі үшін дауыс береді. Егер демократиялық партия 30% дауыс алса, онда оған 30 орын беріледі. Былайша айтқанда, дауыс пропорциясы сақталады, жүйенің атауы осыдан шыққан. Жалпылама айтқанда, кемшілігі – депутат өңірге байланбаған. Сондықтан сайлаушылардың, халықтың жергілікті мәселелері Парламентте қозғаламауы мүмкін.

Бұл тәсілдің артықшылығы да бар. Пропорциялықта дауыс пропорциясы Парламентте сақталады, - деді ҚСЗИ аға сарапшысы. 

Оның айтуына қарағанда, мажоритарлық жүйелердің көбінде екі-ақ партия қалады.

Бұдан өзге айырмашылықтар бар. Бірақ олар жанама нәрселер, әр мемлекетте әртүрлі болып келеді. Мажоритарлық жүйелердің көбінде екі-ақ партия қалады. Мысалы, АҚШ, Ұлыбритания, Канада секілді мемлекеттерді алып қарауға болады. Пропорциялық жүйелерде партиялар саны көбірек және коалиция деген нәрсе жиі кездеседі. Өйткені бір партия өзі жеке 50% дауыс ала алмайды. Сондықтан бірнеше партия бірігіп коалиция құрады. Бізде 69 депутат пропорциялық жүйе, ал 29-ы мажоритарлық жүйе бойынша сайланады. Сол үшін біздікі пропорциялық жүйелерге жақын, - деді Қуаныш Сайлау.

Барлық жаңалықтар