00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Бүгінде партия құру үшін талап жеңілдетілді – елордалық ұстаз

Астана қаласы №12 балабақша-бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлім Кенесова наурызда өтетін Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты өз пікірін айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Наурызда үлкен саяси науқан болғалы тұр. Демократиялық қоғамда өмір сүріп жатқаннан кейін, сайлауға баршамыз бір кісідей қатысқанымыз абзал. Бұрын партия құру үшін 40 мың адамның, одан кейін 20 мың адамның қолын жинау міндетті болды. Ал қазір 5 мың адамның қолын жинау жеткілікті. Яғни талап жеңілдетілді. Неге? Себебі партиялар арасында бәсекелестік артуы керек. Партия көбейіп, бәсеке артатын болса, халыққа қажетті заңдар мен нормативтік актілер парламентте жіті қаралады. Әрбір шешім таласты талқыға түседі. Яғни көппартиялық жүйе – суперпрезиденттік басқару формасынан Парламенті мықты Президенттік Республикаға көшуге ықпал етеді, – деді ол.

Бастауыш сынып мұғалімі өз сөзінде, соңғы жылдары саяси науқандарда сайлау комиссиясының мүшесі болып келе жатқанын да айтып өтті.

Мен біздің мектептегі сайлау учаскесінде 4 рет комиссия мүшесі болдым. Саяси науқан сайын халықтың басым көпшілігі сайлауға келетінін байқадым, тіпті олардың саны артып келеді. Біз қоғамда болып жатқан саяси қадамдардан бейқам болмауымыз керек. Жаңа Қазақстанды жаңа идеялар, жаңа санамен, жаңа бағдарламалармен жасауымыз керек. Ел болашағын айқындау – сайлаудың басты мәселесі. Әрбір дауыс маңызды, өйткені мемлекетіміздің егемендігін қорғау соған байланысты. Ұстаздар үшін осыны түсініп қана қоймай, өскелең ұрпаққа жеткізу маңызды, - деді Гүлім Кенесова.

Барлық жаңалықтар