00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Сайлау: Үгіт-насихат жұмыстары қалай жүргізіледі

31.03.2023 | 23:02
Елорда ақпарат
1

Елордадағы Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеу және сайлау алдындағы үгіт жүргізу туралы семинар өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Оған Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына түсетін кандидаттар қатысты.

Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясынын төрағасы Бақыт Бектемісова сайлау учаскелеріне тіркелген кандидаттардың арасында елге белгілі азаматтар көп екенін, жалпы саяси науқан тартысты өтетінін айтты. Әрі кандидаттарға өзі сайлауға түсетін сайлау учаскесін анықтап, сол аумақта үгіт-насихат жұмысын жүргізуге кеңес берді.

Үгіт жұмыстары 18 ақпанда сағат 18.00-де басталып, 18 наурызда сағат 00.00-де аяқталады.

Кандидаттар төрт негізгі тәсілмен жүзеге асырылады. Олар: бұқаралық ақпарат құралдары, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамы сайлаушылармен жеке кездесуі, аудиовизуалды және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату, сондай-ақ онлайн-платформа арқылы насихатталады.

Сайлау алдындағы үгіт жұмыстары мемлекет есебінен және сайлау қорының қаражаты арқылы жүргізіледі.

Кандидатты насихаттау теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) 15 минут, радиода 10 минут және мерзімді баспа басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақала 0,1 баспа парақтан аспауы тиіс.

Ал онлайн-платформаны пайдаланушы үгіт материалын кандидаттың сайлау қорының қаражаты есебінен ғана орналастыра алады.

Басты талап – үгіт материалдарын жариялау үшін шарттың талаптары қандай да бір кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуі тиіс.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ

Барлық жаңалықтар