00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Сайлау: ОСК 7 шетелдік байқаушыны тіркеді

31.03.2023 | 23:02
Елорда ақпарат
4

Биыл 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына 6 шет мемлекеттен, 3 халықаралық ұйымнан 72 байқаушы аккредитациядан өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында белгілі болды.  

Халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 6 шет мемлекеттен, 3 халықаралық ұйымнан 72 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Бүгінгі таңда Сыртқы істер министрлігі 3 шет мемлекеттен 7 байқаушыны тіркеуден өткізуді ұсынды. Атап айтсақ, Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша Армения Республикасынан 2 және Грузиядан 2 байқаушы – аталған мемлекеттердің Орталық сайлау комиссиясы мүшелері мен өкілдері. Сондай-ақ Франция Республикасынан 3 кандидатура, оның ішінде құрметті Елші мырза мен дипломаттар тіркеуге ұсынылды, - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған байқаушыларды тіркеу жөнінде қаулы қабылдады.

Барлық жаңалықтар