00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер кандидат куәлігін алды

31.03.2023 | 23:00
Елорда ақпарат
5

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлауға партиялық тізім бойынша түсетін 25 кандидат ресми тіркеуден өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл тізімде 10 кандидат – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар, бұл жиынтық бойынша 40 пайызды құрайды. Сонымен қатар партиялық тізімде президенттікке үміткер болған Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден бар.

Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы хаттамаға қол қойып, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында партиялық тізімге тіркеу туралы қаулы қабылдады. Тіркелген кандидаттарға тиісті куәліктер тапсырылды. 

Атап өтсек, «Ауыл» партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне бір мандатты округтер бойынша сайлауға түсетін кандидаттарының, сондай-ақ партияның облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарына бір мандатпен және партиялық тізім бойынша тіркелуі жалғасуда.

Барлық жаңалықтар