00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«Ауыл» партиясы Мәжіліс сайлауына түсетін кандидаттарының құжаттарын ОСК-ға тапсырды

31.03.2023 | 22:48
Елорда ақпарат
1

«Ауыл» партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне бір мандатты округтер бойынша сайлауға түсетін кандидаттарының құжаттарын ҚР Орталық сайлау комиссиясына тапсырды, деп хабарлады Elorda.info. ​​​​​​

Партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде Мәжіліс сайлауына бір мандатты округтер бойынша түсетін 9 үміткер ұсынылды. Олардың бәрі – өте мықты және беделді кандидат. ​Топ басында 2019 жылы өткен Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде қатысып, бақ сынаған Төлеутай Рақымбеков тұр. ​​Экономика ғылымдарының докторы Төлеутай Сатайұлының өндірісте де, басшылық лауазымда да үлкен, мол жұмыс тәжірибесі бар. Бүгінде ол «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары. ​Төлеутай Рақымбеков өз құжаттарын Астана қаласының № 2 сайлау округіне тапсырды.

​​​​Қалған 8 үміткер де өте мықты, бұқараға айтары бар беделді адамдар. Бәрі нақты сектордан, негізінен ауыл шаруашылығы өндірісінен шыққан. Экономикада өздерінің нақты орындары бар жандар. 

​​​​​​Партияның облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарына кандидаттар бір мандатпен және партиялық тізім бойынша тіркелді.

Барлық жаңалықтар