00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Amanat партиясынан Мәжіліс депутаттығына ұсынылған кандидаттардың құжаттары тапсырылды

31.03.2023 | 22:47
Елорда ақпарат
1

Бүгін Орталық сайлау комиссиясына Amanat партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар топтамасы тапсырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Күні кеше Amanat партиясының кезектен тыс XXV съезінің шешімімен Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде партиялық тізім бойынша 90 адам ұсынылды.

Amanat партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев аз ғана уақыт ішінде Мәжіліске және барлық деңгейдегі мәслихаттарға ең лайықты үміткерлерді іріктеу бойынша ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Ел аумағындағы өңірлік сайлау комиссияларына Amanat партиясынан мәслихат депутаттығына 3 821 кандидаттың құжаты ұсынылды. ОСК-ға тапсырылған партиялық тізімде квота сақталып, үміткерлердің 30%-дан астамын әйелдер, жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар құрады. Сайлау әділ, таза өтеді деп сенеміз және алдағы саяси додаға толық дайынбыз, – деді Елнұр Бейсенбаев.

Сондай-ақ, бүгін Amanat партиясынан Мәжіліске бірмандатты округтер бойынша ұсынылған кандидаттардың құжаттары тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсынылды.

Барлық жаңалықтар