00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«Ауыл» партиясы сайлауға түсетін кандидаттардың тізімін тапсырды

31.03.2023 | 22:45
Елорда ақпарат
1

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ҚР Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне партия атынан сайлауға түсетін кандидаттардың партиялық тізімін ресми түрде тапсырды, деп хабарлады Elorda.info.

Саяси додаға партия атынан партиялық тізім бойынша 25 үміткер қатысатын болады.

Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін жасау кезінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес барлық санаттың, оның ішінде әйелдердің, жастардың және инклюзивті қоғамның өкілдігі қамтамасыз етілді.

Ұсынылған 25 кандидаттың ішінде 6 әйел, 1 инклюзивті қоғамның өкілі бар. Сондай-ақ, жастар арасынан 3 адам ұсынылып отыр. Яғни, тізімде арнайы квота (36%) сақталған. Кандидаттардың орташа жасы 43 жасты құрайды, ең жас кандидат 25 жаста. 2 адам 2022 жылы өткен сайлауда президенттікке, 7 адам 2021 жылы өткен Мәжіліс сайлауында депутатыққа экс-кандидат болған. Сонымен қатар кандидаттардың  ішінде 15 адам бейінді аграрлық білімі бар және нақты сектордың (өндірістің) өкілдері, – делінген ақпаратта. 

Естеріңізге сала кетсек, кандидаттар тізімі 4 ақпанда Астанада өткен «Ауыл» партиясының кезектен тыс ХХII съезінде бекітілді.

Барлық жаңалықтар