00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Олжас Сүлейменов партия төрағасы болып сайланды

31.03.2023 | 22:40
Елорда ақпарат
2

Алматыда «Қазақстан халық конгресі» жалпыұлттық қозғалысының съезі өтті. Онда Олжас Сүлейменов бірауыздан партия төрағасы болып сайланды, деп хабарлады Elorda.info

Сондай-ақ ел аймақтарынан келген бастамашыл топтың мүшелері бағдарламалық құжаттар мен дамудың негізгі бағыттарын талқылады.

Съезге еліміздің әр өңірінен барлығы 1 500-ге жуық делегат келді.

Партия бағдарламасында экономика, экология, денсаулық мәселесі, сапалы білім беру бағыттары қамтылған. Олжас Сүлейменов бастаған белсенділер бар тәжірибе мен күш-қуатты азаматтық қоғамды біріктіруге бағыттайтындарын жеткізді.

Партия Жарғысының жобасы да бірауыздан мақұлданды.

Еске салайық, былтыр мамыр айында Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» партиясы қайта құрылатыны туралы айтқан болатын.

 

Барлық жаңалықтар