00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Бүгін қуанышты күн – астаналық әйел (ВИДЕО)

31.03.2023 | 20:22
Елорда ақпарат
1

Астанада әртүрлі себептермен сайлау учаскесіне өз бетінше бара алмайтын тұрғындар үйде дауыс беруге құқылы. Ол үшін өтініш беру керек, сайлау комиссиясының мүшелері урнамен және бюллетеньдермен бірге сол мекенжайға барады, деп хабарлады Elorda.info.

Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскелеріне бара алмайтын елорда тұрғындары және ауыр науқастарға күтім жасайтындар үйде дауыс бере алады. 

Резеда Нагаева жасына және денсаулығына байланысты үйден дауыс берді.

Бүгін қуанышты күн. Біздің еліміздің басшысын сайлайтын күн. Болашақ Президентке принципті болуға және өз міндетін орындауға тілектеспін. Менің үйіме келгендеріңіз үшін көп рақмет. Елімізге тыныштық тілеймін, - деп атап өтті астаналық әйел.

Барлық жаңалықтар