00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Сайлау күні елордада 22 инватакси қызмет көрсетеді

31.03.2023 | 20:14
Елорда ақпарат
1

Бұл туралы Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.   

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін дауыс берудің қол жетімділігі бойынша барлық сайлау учаскеслерінде тактильді көрсеткіштермен, қоңырау шалу түймесімен, сондай-ақ бірнеше сайлау учаскеслері жылдам сатымен (лифтпен) қамтамасыз етілген. Дауыс беру күні 2074 жеке көмекші, 233 сурдоаударма маманы, 22 инватакси қызмет көрсететін болады.

Қала бойынша адамдар көп жиналатын орындарда,  билбордтарда,  жарнамалық конструкцияларда,  аялдама кешендерінде,  LED экрандарда, Орталық сайлау комиссиясының сайлауға шақыру ақпараттары  орналастырылды.  «Сервис» бағдарламасын орнату 304 сайлау учаскесінде жоспарланған, дауыс беру күні азаматтарды тіркеу үшін 23 учаске белгіленді, - деді Бақыт Бектемісова онлайн брифинг барысында.

Барлық жаңалықтар