00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Сайлау жүйесін тарихи дәстүрдің жалғасы деп білемін –  Ерлан Сыдықов

31.03.2023 | 20:05
Елорда ақпарат
1

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов алда келе жатқан сайлау туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Кезектен тыс сайлауды өткізу – бұл әрі қарай демократияландыру мен әділетті Қазақстанды құруға бағытталған жол. Биылғы жыл – мемлекеттілікті нығайтудағы, азаматтық институтты дамытудағы, жастарымыздың мемлекеттілік және саяси баяқаруда саяси жүйені жаңғыртудағы белсенділігін арттырудағы жаңа кезең және оған үлкен мүмкіндік деп қарау керек, - деді ректор.

Сондай-ақ, оның айтуынша сайлаудағы ашықтық дәстүрі дала демократиясының қойнауынан шыққан деп атап өтті.

Демократияның басты белгісі – ашық сайлау өткізу. Ал президент сайлауы – тұрақтылық пен өз еліңнің тағдыры үшін таңдау жасау. Сарапшылар айтқандай, әділ сайлаусыз демократия болмайды. Бұл аксиомаұлы дала заманынан бері келе жатқан дәстүр. Ежелгі дәуірде орта ғасырларда дамыған мемлекеттерде белгілі бір принциптер бойынша берілді. Ал біздің ұлы дала тарихында хандарды, билерді тағайындау осы сайлау арқылы жүргізіліп отырған. 1917 жылы мамырда уақытша үкімет құрылтай жиналысында сайлау ережесін әзірлеуге кіріскені белгілі. Оған 43 депутат қатысқаны тарихтан мәлім. Демек, қазіргі Қазақстандағы сайлау жүйесін ұлы, тарихи дәстүрдің жалғасы деп білемін,- деді Ерлан Сыдықов.

Барлық жаңалықтар