00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нұрлан Әуесбаевтың сенімді өкілі үгіт-насихат жұмысының барысымен таныстырды

31.03.2023 | 20:02
Елорда ақпарат
3

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды штабының жұмысы таныстырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Нұрлан Әуесбаевтың сенімді өкілі Талғат Омаров «Atameken Business» телеарнасына сұхбат берді.

Кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмысымен Қарағанды, Ақтөбе және Ақмола облыстарында, Алматы мен Шымкент қалаларында болды.

Үміткердің сайлауалды бағдарламасын насихаттау, халыққа түсіндіру мақсатында республика бойынша 21 штаб жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ кандидаттың сенімді өкілі үгіт-насихат кезінде әлеуметтік желілерді белсенді қолданып жатқанын тілге тиек етті.

Талғат Омаровтың айтуынша, халық тарапынан түрлі сала бойынша сұрақтар түсіп жатыр.

Барлық жаңалықтар