00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Тоқаевты қолдау жөніндегі штабта зиялы қауым өкілдері бас қосты

31.03.2023 | 19:50
Елорда ақпарат
1

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабта Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың қатысуымен Қазақстанның ғылыми-мәдени зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлады Elorda.info қоғамдық штабқа сілтеме жасап.

Кездесу барысында қатысушылар кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын талқылады. Сонымен қатар, қонақтар кандидаттың сайлауалды штабының жұмысымен танысып, өз ұсыныстары мен тілектерін қалдырды.

Олардың қатарында ақын, филология ғылымдарының докторы Оңайгүл Тұржанова, Астана қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған музыкалық театрының директоры Асхат Маемиров, Астана қаласы Мемлекеттік Академиялық филармониясының солисі Светлана Айтбаева, Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева,«Мемлекет тарихы институт» ММ директоры Еркін Әбіл, Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының директоры, PhD докторы Жандос Болдықов сынды белгілі мәдениет және ғылым қайраткерлері, сондай-ақ кәсіпкер, меценат Талғат Дүйсеков болды.

Барлық жаңалықтар