00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қарақат Әбден Ақтөбе қаласындағы штаб өкілдерімен кездесті

31.03.2023 | 19:49
Елорда ақпарат
3

Президенттікке үміткер Қарақат Әбденнің Ақтөбе қаласындағы сайлауалды кездесулері жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін үміткер осы өңірдегі сайлауалды штабының өкілдерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстары бойынша жиын өткізді.

Ақтөбе қаласындағы сайлауалды штабына сайлаушылар сауалдары мен ұсыныстарын белсенді жолдауда. Бұл қуантарлық жағдай. Сондай-ақ халықаралық сайлау байқаушылары жолдаған сұрақтармен де жұмыс жүргізілуде. Жалпы ел өңірлерінде 20 штаб жұмыс істейді, 2000-ға жуық ерікті жұмылдырылған. Сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін аудан орталықтарында да штабтар ашылған, - деп мәлімдеді Қ. Әбден.

Еске сала кетейік, Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы, Қарағанды, Астана, Екібастұз, Семей, Павлодар, Талғар, Есік қалаларының тұрғындарымен сайлауалды жиындар өткізді. Алдағы уақытта ол Қызылорда, Ұлытау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысы сайлаушыларымен кездесу өткізеді.

Барлық жаңалықтар