00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

ОСК Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдады

31.03.2023 | 19:28
Елорда ақпарат
3

Орталық сайлау комиссиясы ҚР президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың ҚР Конституциясы мен ҚР сайлау туралы Конституциялық заңында қойылған талаптарға сай келетіндігін растады, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ҚР президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Алтынбек Смағұлов Салтанат Тұрсынбекова кандидатурасының «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық ұйымы атынан ұсынылғанын еске салды.

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдегендей, ҚР Конституциялық Заңының 54-бабына , 3-тармағына және 2-тармақшасына, 6-тармағына және 56-бабына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова ҚР Конституциясы және ҚР сайлау туралы Конституциялық заңында қойылған талаптарға толық сәйкес келеді.

Сондай-ақ аталған үміткердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қатысты лингвистикалық комиссия шешімі шықты.

Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы мемлекеттік тілді еркін меңгергені растап, бірауыздан шешім қабылдады, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар