00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алдағы сайлауда шынайы бәсеке бола ма

31.03.2023 | 18:06
Сабина Кәкімжан
2

Бүгін журналистер Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа  «Алдағы сайлауда шынайы бәсеке бола ма?» деген сауал қойды, деп хабарлады Elorda.info.

Алдағы сайлауда шынайы бәсеке болады деп ойлаймын. Сайлау ашық, әрі әділ өтетініне ешкім күмән келтірмейді. Қазіргі кезде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың  негізгі бағыты және мәні де - осы. Әр адам - сайлауға қатысуға немесе еліміздің саяси өміріне қатысуына тең мүмкіндік алуы, - деді Ерлан Қошанов. 

Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қанша пайызбен жеңіске жетуі мүмкін деген сауалға Мәжіліс төрағасы былайша жауап берді.

Біздің үміткеріміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үлкен басымдықпен жеңіске жететініне күмәніміз жоқ. Бүгінгі күні атқарып жатқан жұмыстарын да білесіздер. Бүгінгі таңда үлкен жеңіске жететініне біз кәміл сенеміз, - деп жауап берді Е.Қошанов.

Барлық жаңалықтар