00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

ОСК Тоқаевты Президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді

31.03.2023 | 18:05
Сабина Кәкімжан
3

Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке үміткер ретінде тіркеді, деп хабарлады Elorda.info.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың куәлігін кандидаттың сенім білдірген адамы Ерлан Қошановқа тапсырды. 

Өздеріңіз білесіздер, таяуда ғана президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі коалиция құрылған болатын. Ол коалицияға 3 парламенттік партия, 20-дан астам қоғамдық бірлестік кіріп отыр. Олардың барлығы - біздің мемлекетіміздегі қоғамдық-саяси өмірге араласып жүрген ірі қоғамдық бірлестіктер. Сол қоғамдық бірлестіктер қосылып, осы коалицияны құрды. Соның атынан Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке үміткер ретінде  ұсынылды. Бірнеше күннің ішінде барлық сайлау заңнмасына сәйкес барлық талап орындалды. Бүгінгі күні 400 мыңға тарта қол жинадық. Тиісті құжаттар тапсырылғаннан кейін ресми тіркеуден өтіп, қажетті құжаттарды, яғни тіркеу туралы куәлікті қолымызға алдық. Заңнамаға сәйкес үгіт-насихат жұмыстары рұқсат берілген күннен бастап республикалық өңірлік қоғамдық штабтарымыз жұмыстарын бастайды, - деді Ерлан Қошанов.

Барлық жаңалықтар