00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Amanat партиясы жаңа саяси тұғырнамасын қабылдады

31.03.2023 | 17:47
Елорда ақпарат
1

Бүгін Amanat -тың кезектен тыс XXIV съезі барысында партияның жаңа Саяси тұғырнамасы бекітілді, деп хабарлады Elorda.info.

Партия төрағасы Ерлан Қошанов бүгін қабылданған Amanat -тың Саяси тұғырнамасы ұзақ мерзімді және стратегиялық құжат екенін атап өтті.

Жалпы, бүгінгі съезді тарихи деп айтуға толық негіз бар. Біз партияның жаңа Саяси тұғырнамасын қабылдадық. Тұғырнаманың басты қағидасы – Адам, Қоғам және Мемлекет. Ондағы принциптер Президентіміздің саяси реформаларымен үндес әрі сабақтас. Партия алдағы қызметінде осы ұстанымдарды басшылыққа алады, - деді Ерлан Қошанов.  

Өз кезегінде Саяси тұғырнаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, Amanat партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Айдос Сарым бұл құжатта партия Қазақстанның болашағы туралы идеясын айқын көрсетіп, өзінің ниеті мен мақсаттарын белгілегенін атап өтті.

Amanat партиясынан Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева өз сөзінде тұғырнамада ұсынылған тәсілдер сапалы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның әрбір азаматының оның игілігін көруіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

Партияның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Әсем Рахметованың айтуынша, ауыл елдің алтын бесігі болса, ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының күретамыры.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, партия Саяси кеңесінің мүшесі Нұрлан Серғалиев құжатта білім мен ғылым ерекше орын алатынын атап өтті.

Белгілі саясаттанушы, партия Саяси кеңесінің мүшесі Марат Шибұтовтың пікірінше, жаңа саяси тұғырнама: «Адам – мемлекеттің басты байлығы» идеясына негізделген.

Барлық жаңалықтар