00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елорда базарларында бір жылда азық-түлік бағасы қалай өзгерді

Elorda.info оқырмандары жыл бойы елордадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасымен танысып келе жатыр. Біз қала бойынша 4 базарға барып, ондағы бағаларға шолу жасаймыз. Шағын зерттеуіміз арқылы оқырмандарымыз өнімдерді қайдан сатып алу тиімдірек екенін біле алады. Осы жолы біз азық-түлік өнімдеріне жыл басынан бері қанша теңге қосылғанын есептеп көрдік.

Елордада базарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне жыл бойы баға қосылған. Мысалы, қаңтар айында ұнның бір келісі шамамен 300 теңгеге жуық болса, қазір баға 425 теңгеге дейін барады. Сәйкесінше бір жылда ұн бағасына орта есеппен 121 теңге қосылған. Макарон өнімдеріне 120 теңге қосылған. Қарақұмық бағасына 50 теңге ғана қосылса, ал күріш 170 теңгеге қымбаттаған. Қанттың жыры бөлек. Жыл басында бір келісі 350 теңге шамасында болған, бірақ дәл тосап дайындайтын уақытта баға шарықтап кеткенін бәріміз білеміз. Дегенмен қазір базарларда баға тұрақтанып келеді. Бүгінгі күннің бағасымен есептегенде бір жылда қантқа 128 теңгеге қымбаттаған.

Тауық еті, жұмыртқа және ірімшікті сүйіп жейтіндер жыл басынан бері бағанын көтерілгенін байқаған болар. Бұл қатарда тамақ әзірлегенде күнбағыс майын қолданатын нәзік жандылар да бар. Мысалы, күнбағыс майы қаңтарда 780 теңге шамасында болса, қазір бір литрі 1100 теңге тұрады. Сәйкесінше, жыл басынан бері күнбағыс майы бағасына 540 теңге қосылған. Қаңтарда астаналықтар бір келі тауық етін 1200 теңгеге алса, қазір тұрғындар шамамен 1650 теңгесін жұмсайды. Жыл басынан бері тауық еті 565 теңгеге қымбаттаған. Ал жұмыртқа бағасы жазда ғана тұрақты болды. Қазір 10 данасын шамамен 700 теңге тұрады. Жыл басынан бері жұмыртқа бағасына 208 теңге қосылған. Ақ ірімшіктің бір келісі қаңтарда 900 теңге болса, қазір базарда 1200 теңге тұрады. Жыл басынан бері ірімшік 325 теңгеге қымбаттаған. Сиыр етіне 150 теңге, айранның бір литрі  58 теңгеге өсті. Сүт керісінше 40 теңгеге арзандаса, ас тұзы 30 теңгеге қымбаттаған.

Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне сәбіз, пияз, қырыққабат кіреді. Бірақ көкөністердің бағасы маусымға байланысты әрқашан өзгеріп отырады. Мысалы, қыс пен көктемде олар қымбаттырақ сатылса, жаз бен күзде баға төмендейді. Қазір елорда базарларында сәбіздің бір келісі 95-180 теңге, пияз 120-250 теңге, қырыққабат 90-150 теңге аралығында сатылып жатыр.

Жыл басынан бері азық-түлік тауарларының бағасы қалай өзгергенін төмендегі кестеден біле аласыздар:

Барлық жаңалықтар