00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада арзан етті қайдан алуға болады

24.02.2023 | 22:41
Елорда ақпарат
1

Кешегі күнмен салыстырғанда «Астаналық» базарда сүт 10 теңгеге арзандаған. Ең төмен бағамен қарақұмықты «Әлем» сауда үйінде орналасқан дүкеннен алуға болады.

Қасқырдан қалыспай ет жейтін қазақ үшін ет бағасы аса маңызды. Сондықтан салыстырмалы түрде алғанда «Көк базарда» сиыр етінің 1 келісі 2 300 теңгеден сатылуда. Қалған «Астаналық», «Әлем» базарларында ет 200 теңгеге қымбат.

Қазір бәрі қымбат. Еттің бағасы да арзан болмайды. Біз де қымбатқа аламыз. Бәсекелестік бар, бағаны түсіруге болар еді. Бірақ қазір шөп қымбат, сондықтан ет бағасы өсті, - дейді сатушы Серікжан.

Барлық жаңалықтар