«Шаттық-2019» байқауы мәреге жетті 

23 сәуiр, 21:01991
Автор: Elorda Aqparat
Фото байқаудың гала концертінен Фото байқаудың гала концертінен

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Шаттық» байқауы олардың шығармашыл тұлға болып қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін айтулы додаға айналып отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жас музыканттар, хореографтар, суретшілер мен дизайнерлер өз өнерлерін көрсеткен байқау биыл 13 рет ұйымдастырылды. Бұл байқау талай жас өнерпаздың шабытын шыңдайтын шеберханаға айналғаны анық. Бұның бірден бір дәлелі - Мұхамедәлі Жүгінісов пен Сәдуақас Жанельдің «Балалар Жаңа Толқыны» халықаралық балалар байқауындағы жеңісі, Ишанқұлова Данияның «Аялаған Астана» республикалық байқауының финалисті атануы және Біржанова Дильнураның «Х-FACTOR» жобасында жеңімпаз атануы", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Биылғы жылғы XІІІ «Шаттық» байқауының қатысушылары «Вокал», «Хореография», «Аспапты музыка», «Ерекше жанр», «Театр», «Бейнелеу өнері», «Фотосурет», «Хор әні» номинациялары бойынша 112 білім мекемесінен 7 мыңнан астам жас өнерпаз сынға түсті.

Фото байқаудың гала концертіненФото байқаудың гала концертінен

 

«13 жыл бойы ұйымдастырылып келе жатқан «Шаттық» фестивалі ұрпақтың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың үлгісі деп айтсам қателеспеймін. Себебі, осы фестивальде біздің балаларымыз өз өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, барлығымызға қуаныш пен мақтаныш сезімдеріне бөледі, сондықтан, осы өнер жолында олардың көрсеткіштері, жетістіктері мол болсын деп тілеймін»,- деді Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Ә.Жанғозин.

Фото байқаудың гала концертіненФото байқаудың гала концертінен

Наверх