• USD 385
  • EUR 434

Нұр-Сұлтанда мобильді топтар «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді 

16 мамыр, 10:55587
Автор: Elorda Aqparat
Сурет интернеттен алынды Сурет интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласында республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада 17 және 18 мамырда сағат 09:00 мен 19:00 арасында әкімшілік, жергілікті және көші-қон қызметтерінің полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған автобустарда азаматтарды қабылдайды.

Қала тұрғындары мен қонақтары полиция қызметкерлеріне кеңес және құқықтық көмек алуға, жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамаларын ұстану және т.б. сұрақтармен жүгіне алады.

Мобильді топтар «Жолда қабылдау» жазуы бар шағын автобустарда азаматтарды қабылдайды.

Іс-шара қаланың 4 аумағында өтеді:

- Есіл ауданы – «Ailand» ОДО (Қорғалжын тас жолы, 2);

- Байқоңыр ауданы – Нұр-Сұлтан қаласының ПД ӘПБ (Жетіген көшесі, 16);

- Сарыарқа ауданы – Мамандандырылған ХҚКО (20-40 көшесі);

- Сарыарқа ауданы – «Нұр-Сұлтан 1» ТЖ вокзалы алдында (Гете көшесі, 1);

- Алматы ауданы – «Рахмет» СОСО (Б. Момышұлы даңғылы, 10);

- Алматы ауданы – «Алатау» СК (Тәуелсізді даңғылы, 1/1).

«Жедел желі» телефондары: 8 (7172) 71-69-77, 87761972348.

 

Наверх